Маңғыстауда ұлттық спорт орталығының бухгалтері 117 миллион теңге жымқырған
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражаты қаншалықты заңды жұмсалып жатқанын тексеру барысында спорт мекемесінен жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 миллион теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды.
Аталған фактіні облыс прокуратурасы тергеп, нәтижесін Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі ”Салғырттық” және 189-бабы 4-бөлігімен “Жымқыру” бойынша сотқа жолдады.
- "291 миллион теңге негізсіз жұмсалды": Депутат жаңа кодексті жасау кезінде қаржы жымқырылғанын айтты
“Сот үкімімен мекеме басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып "Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады
Америкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы қайын жұртына бауырсақ пен бешбармақ жасауды үйретіп жүр
София: "Жолдасым – мұсылман, ислам дінін қабылдады, ораза ұстайды"