Маңғыстауда жаппай төбелес шығарған түлектер мен олардың ата-аналары бейнеүндеу жасады
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының түлектері 25 мамырдағы жаппай төбелестен кейін көпшілікке бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадрлар
Ата-аналар балаларының бұл қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сондай-ақ төбелестен ешкімнің жарақат алмағанын жеткізді. Сөздерінше, мұғалімдер, мектеп директоры мен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмысын жүргізген. Ешкімге шағымдары жоқ.
Түлектердің өздері де көпшіліктен кешірім сұрады. Олар төбелеске арадағы "жанжалдың" себеп болғанын айтады.
Еске салайық, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында түлектер арасында төбелес болғаны туралы хабарлаған едік. Видеода төбелеске ондаған оқушы қатысқаны көрініп тұр. Олардың кейбіреуі тіпті тас лақтырып жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр