Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімі шенеунікке сөгіс жариялап, кейін оны орынбасары етіп алды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Ақтаудың бұрынғы әкімі Ғалымжан Ниязов тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасай отырып. 

Ғалымжан Ниязов

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығының мәліметіне қарағанда, бүгін, 26 маусымда Ғалымжан Ниязов Ақтау әкімі қызметінен кетті.

"Бүгін ҚР президенті әкімшілігінің келісімімен Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды", - деп хабарлады облыстың орталық сайлау комиссиясы.

Екі апта бұрын Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысының басшысы Серікбай Тұрымовтан сөгіс алды. Аппараттық кеңес барысында Ниязов облыс орталығының жасыл қорын сақтау бойынша жұмысының төмен сапасы үшін, сондай-ақ жасыл желектерді уақытында отырғызбағаны және суармағаны үшін сынға қалды.

Ал Ақтау қаласының жаңа әкімі болып Нұрдаулет Қилыбай тағайындалды.

Талқылау