Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ақтау қаласының жаңа әкімі болып Нұрдаулет Қилыбай тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасай отырып. 

Нұрдаулет Қилыбай

Ол Ғалымжан Ниязовтың орнына келді.

Бұған дейін Қилыбай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Қилыбай Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын (тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер), 2003 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (Қаржы және қаржы құқығы), 2018 жылы Stafford House халықаралық мектебін (Бостон, АҚШ) бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Маңғыстау тасымалдау бөлімшесінің станция бойынша кезекшісі қызметінен бастаған.

2000-2002 жылдары - Астана станциясының кірме жолдары бойынша жүктерді қабылдап-тапсырушы, аға қабылдап-тапсырушы.

2002-2005 жылдары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының бас маманы, бөлім бастығы, басқарушы көмекшісі.

2005 - 2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, төрағаның орынбасары.

2009 - 2010 жылдары «Вокзал-сервис» АҚ президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры.

2010 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 - 2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры.

2012 - 2013 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.

2013 - 2017 жылдары - «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы - атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті.

2017-2018 жылдары - «Теміржолсу» АҚ бас директоры - басқарма төрағасы. 

2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау