Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кен орнында ірі өрт шықты
Маңғыстау облысында "Бузачи Нефть" ЖШС-нің "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнында №303 ұңғымаларды бұрғылау кезінде газ-су қоспасы бөлініп, өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалынның биіктігі 10 метрге жеткен. Дабыл түскен бойда өртті сөндіру үшін бірден жоғары дәрежедегі күштер мен құралдарды тарту туралы шешім қабылданған.
"Өртті сөндіруге барлығы 82 қызметкер мен 17 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Оңтүстік Қаратұрын кен орны Ақтаудан 277 шақырым жерде орналасқан.
16:30-дағы (Астана уақыты бойынша 17:30) жағдай бойынша бұрғылау жабдықтары мен контейнерлер ұңғыма маңынан алыстатылуда. Өрт сөндірушілер салқындату жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде