Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты
Маңғыстау облысы Батыр ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырға жиналған жаңбыр суына батып, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. Жеке үй маңында әжетханаға арнап қазылған шұңқыр толассыз жауыннан кейін суға толған. Мұны байқамаған 14 және 10 жастағы балалар суға батып кеткен.
Балалар әжесінің үйіне бара жатқан екен. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар арық, шұңқырлардың бетін ашық қалдырмау керегін ескертті.
Маңғыстау облысында жауын салдарынан бір түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басқан. Қазір ТЖД 19 адам эвакуациялап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі