Алматы облысында алты және сегіз жасар екі бала каналға батып кетті
Алматы облысында аулада ойнап жүрген екі жеткіншек каналға батып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

3 мамыр сағат 19.05 кезінде Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылының шетінде орналасқан суару каналына 6 және 8 жасар екі бала батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сенсек, оқиға орнында ені - 6 метр және тереңдігі - 1,5 метр болатын суару каналынан туыстары 2014 жылғы қыз бала және 2015 жылғы ұл баланың денесін алып шыққан.
Олар тұрғын үйден 300 метр қашықта ойнап жүргенде ересектердің қарауынсыз қалып, суару каналына құлап, батып кеткен.
Оқиға орнына Алматы облысының ТЖД, полиция басқармасының және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері шықты.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды