Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында мердігер компания 249 миллион теңгеге жанбайтын шамдар орнатқан

Маңғыстау облысында мердігер компания бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшелерге жанбайтын жарық шамдар орнатқан. "Элком" серіктестігі "Адай" автобазасынан Баянды ауылына дейінгі аралықта көлік жүретін тас жолдың бойын күн сәулесінен қуат алатын шамдармен жарықтандыруы тиіс болған. Компания бұл жұмысты төрт ай ішінде аяқтауға міндеттелген екен. Бірақ әкімдік өкілдері мердігер компанияның жобаға сай келмейтін шамдарды орнатқаны белгілі болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

жарық маңғыстау

Қараңғы көшемен жүруден мезі болған тұрғындар бір жылдан бері әкімдікке шағымданған екен. Алайда жарықтандыру жүйесі іске қосылғанымен жұмыс істемеген. Енді жергілікті билік мердігердің жұмысын қабылдамай, оларды "жосықсыз өнім беруші" ретінде тану туралы сотқа өтініш беріпті. Әрі әкімдік өкілдері келісімшарт сомасының барлығы кәсіпкерге аударылмағанын айтады. Бүгінге дейін тек 159 миллион теңгеден астам қаражат берілген дейді. 

“Бірінші инстанциясында жеңіске жетіп, тапсырыс беруші тарапынан "Элком" ЖШС аппеляцияға шағымданған болатын. Қазіргі таңда аппеляциялық шағым жосықсыздар тізімін тек қана қанағаттандырусыз қалдырып, қалған айыппұл өндіру және уақытылы жұмыстарды аяқтау күшінде болатын”, – деді Мұнайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәурен Едігеев. 

Талқылау