Маңғыстау облысында із-түссіз жоғалған азаматты іздеуге тікұшақ тартылды
Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылар және жоғалған азаматтың туыстары жұмылған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

"Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр.Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде.
Сонымен қатар аталған аумақты дронмен бақылау да қолға алынды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”