Маңғыстау облысында итбалықты ұрғандар жауапқа тартылады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Маңғыстау облысында итбалықты таспен, таяқпен ұрғандар жауапкершілікке тартылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы белгісіз адамдардың итбалықты қорлау фактісі бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы полиция бөліміне шағым түсірген. Полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне (Жануарларға қатыгездiк жасау) сәйкес олардың жеке басын анықтап, қылмыстық іс қозғады", - деді Ділдахмет.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Каспийде демалушылардың итбалыққа тас лақтырғаны түсірілген видео таралған еді. Біраз күн өткеннен кейін осыған ұқсас жағдай қайталаныпты. Бұл жолы тұрғындар суретке түсу үшін теңіз жануарын таяқпен, таспен ұрған.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды