Маңғыстау облысында ер адам әйелін ата-анасының көзінше ұрған
Маңғыстау облысында ата-анасының көзінше әйеліне қол көтерген ер адам сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері Қарақияқ ауданында жергілікті тұрғынға қатысты іс қаралғанын мәлімдеді. Жарының ата-анасының үйінде болған ер адам әйелін ұрып жіберген. Денсаулығына келтірілген зиян жеңіл деп бағаланды.
Ер адам "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылған. Сот отырысында ол жарынан кешірім сұрады, ал әйел күйеуін кешірген. Екі тарап татуласқан соң сот әкімшілік жауапкершіліктен босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"