Маңғыстау облысында дәретханаға түсіп кеткен бір жастағы бала құтқарылды
Маңғыстау облысында 1 жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы хабарлағандай, 3 мамыр күні сағат 12.40-та бір жасар бала көшедегі дәретханаға түсіп кетті деген қоңырау түскен.
Оқиға Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Баланың ата-анасы мен көршілері оны өздігінен шығарып алуға тырысты, бірақ олардың әрекеттері нәтижесіз болған.
Баланы дәретханадан жедел жәрдем қызметкерлері шығарып алды.
Құтқарылған нәрестенің әжесі мен анасы медицина қызметкерлеріне уақытылы келіп, баланы аман алып қалғаны үшін алғыс айтты.
Нәрестені құтқаруға қатысқан дәрігерлер тобының мүшелері - дәрігер Нуруллу Ахмедов, фельдшер Бауыржан Тендесбаев және жүргізуші Аташ Ташанов - жұмыс нұсқаулықтарын кәсіби деңгейде орындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі