Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретханадан шыққан жылан ер азаматтың зәресін ұшырды

Камбоджада үйдің дәретханасынан шыққан әбжылан ер азаматты састырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

туалет

Рэй Софаның айтуынша, ол дәретхананың қақпағын ашып, қолданбақшы болған. Алайда сол мезетте оған танысы телефон соғып қалады. Абырой болғанда, ол дереу қимылдап, үйден қашып үлгерген. 

Дегенмен жыланнан құтылу үшін ер азамат қайтып үйіне оралғанда бауырымен жорғалаушы еш жерден табылмапты. Қазір отбасы үйдегі дәретхананы қолданудан қорқатын болдық дейді. Бұған қоса, олар дәретхананың суын ағызып, бетін бастырып қойыпты. 

"Біз екінші дәретхананы қолданып жүрміз. Екінші жылан шыққан әжетханаға қайтып кірмейтіндей болдық. Дәретханаға отырмай тұрып, жыланды байқағаным үшін шүкір деймін. Мұндайды тек теледидардан көрген едім", - дейді Рэй Софа.

Айта кетейік, әбжыланның уы адамды 30 минуттан соң өлтіруге қауқарлы. Десек те жыланның бұл түрі адамдармен бетпе-бет келе беруден қашады. Олардың ұзындығы төрт метрге дейін жетуі мүмкін. 

Талқылау