Әр тұрғын 49 келі ет жейді: Зерттеушілер қай аймақтың тұрғындары етті көп тұтынатынын айтты
Отандық сарапшылар Қазақстанның қай өңірінің тұрғындары етті ең көп тұтынатынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Статистика бойынша, әрбір қазақстандық жарты жылда орта есеппен 40 келіге жуық ет жейді екен.
EnergyProm порталының дерегінше, Маңғыстау облысында әр тұрғын орта есеппен 49 келі ет тұтынады. Екінші орында Жамбыл және Атырау облыстары тұр. Ал Түркістан мен Шымкент тұрғындары етті ең аз тұтынатындардың қатарында.
Көбіне қазақстандықтар сиыр етін жейді. Одан кейінгі орында – жылқы еті. Алайда отандастарымыздың арасында қой еті мен тауық еті сұранысқа ие.

Фото: Еnergyprom.kz/инфографика
Ал былтыр ет өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 80,1 келі болды.
Бұған дейін Қазақстан бойынша қай өңірінің тұрғындары алкогольді көп ішетіні туралы жазған едік.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді