Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызындағы өрт: Тағы бір адам көз жұмды

"Маңғыстау - Ақтөбе" бағытындағы пойызда өрт кезінде денесінің 80 пайызын күйік шалған 42 жастағы ер адам 20 желтоқсанда Бейнеуде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, өте ауыр жағдайға байланысты ер адамды санитарлық авиациямен Ақтауға жеткізу мүмкін болмады.

Зардап шеккендердің төртеуі медициналық мекемелерде емделуді жалғастыруда. 40 пайыз күйік алған ер адам мен оның 11 жасар ұлы Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр.

"Ер адамның жағдайы ауыр болып қалады, ол ӨЖЖ аппаратына қосылған. Термиялық күйік аумағы 50 пайызды құраған бала күйік шокынан шықты. Ақырындап сөйлеседі. Есін жоғалтқан жоқ, жағдайы қалыпты. Біршама жақсарып қалды",-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін Бейнеу аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде болған тағы екі науқас авиациялық көліктің көмегімен МОБ травматологиялық бөлімшесіне ауыстырылды.

"Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланады. Осы аптада, 23 немесе 24 желтоқсанда олар шығарылады",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Көліктегі полиция департаментінде аталған факті бойынша қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске салсақ, осыған дейін "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызында жүк вагоны жанып кетті.

Бес адам зардап шекті, оның ішінде бір бала. Қазіргі таңда бір адамның жағдайы аса ауыр, екі адамның жағдайы ауыр, ал қалған екі адамның жағдайы орташа ауыр. 

Талқылау