Дәрігер мандариннің күндік мөлшері мен пайдасын айтты
Мандарин маусымы бастала сала ол сөредегі сұранысқа ие жемістердің біріне айналады. Цитрустық жемісті килограммдап жейтіндер де жоқ емес. Осыған байлынысты эндокринолог дәрігер мандариннің күндік мөлшерін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Lenta.ru” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер-эндокринолог Зухра Павлованың айтуынша, күніне кішкентай бес мандариннен жесе жеткілікті. Бұл цитрустық жеміс тәбетті ашады, сол себепті оны негізгі тағамнан кейін жеген дұрыс.
Мандарин төмен колориялы жеміс болып саналғанымен оның құрамында қант көп. Сондай-ақ жемістің өзінен бөлек оның қабығы да пайдалы қасиетке ие. Жемістің қабығын суға салып, қайнатып ішсе де болады. Мандарин қабығындағы эфир майлары ұйқыны жақсартады. Жемістің ақ қабықшаларыда флавоноид нобилетин бар. Ол қабынуға қарсы әсері бар және денені артық бос радикалдардан қорғап, тотығу стрессін болдырмайды.
Сонымен қатар мандариннің құрамындағы А және С дәрумендері сүйектің қатаюына, иммунитетты нығайтуға көмектеседі.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді