Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Манчестер Юнайтед» гейлерді қолдайтынын ашық түрде жариялады

Әлемге әйгілі “Манчестер Юнайтед” клубы ЛГБТ қауымдастығының таңбасына айналған түстес капитандық белгіні таныстырды.

nemcy-odenut-manchester-junajted_1405423186784395169

Бұл сурет клубтың Твиттердегі парақшасында жарияланды.

“Біз ЛГБТ-қауымдастықтың теңдік үшін күресін қолдаймыз”, – делінген клуб хабарламасында.

9888

Бұдан бұрын аталмыш клубтың жартылай қорғаушысы Поль Погба дәстүрлі емес жыныстық ағым өкілдеріне қалыпты қарайтынын жеткізген болатын. Ол бұл сөзді Respect европалық футбол ассоциациясы кезінде айтқан. Бағдарламаның мақсаты – футболдағы нәсілшілдік, қатаңдық, гомофобиямен күресу.

Ал өзін ашық гей ретінде жариялаған танымал футболшы – Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Томас Хитцльшпергер. 2013 жылы кәсіби мансабын аяқтаған ойыншы «Лацио», «Штуттгарт», «Астон Вилла», «Эвертон» командаларында ойнаған.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық спортшы қол күрестен әлем чемпионы атанды

Головкин жекпе-жекке әйелі мен ұлының неге келмейтінін түсіндірді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан шеттетілді

Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды

Талқылау