Мамин неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырды
Үкіметтің баспасөз қызметі премьер-министр Асқар Мамин неге "Спутник V" препаратымен вакцинациялағанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Осы уақытқа дейін коронавирус вакцинациясы үкімет басшысына антиденелердің жеткілікті титрінің болуына байланысты ұсынылмады (2020 жылы коронавируспен симптомсыз түрде ауырған).
“Асқар Мамин "Спутник V" вакцинасын алды, себебі қазіргі уақытта Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілетін бұл вакцина – Қазақстандағы кеңінен қолжетімдісі", – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске салайық, 21 маусымда премьер-министр Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілген "Спутник V" вакцинасын салдырғаны хабарланды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар