Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәмілеге келу қиын": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының тәрбиесіне алаңдайтынын жасырмады

Танымал актриса, кәсіпкер Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының ер жетіп, көзқарас қалыптастырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Бүгінде өнер иесі 4 баласымен бас қалада тұрып жатыр. 

“Мектепте каникул басталып, үйге қалай сыйып жатырсыздыр? Мына төртеуін қайда жіберсем екен? Қазір баяғыдай емес. Дегенге көнбейді. Өз ойы, көзқарасы, графигі бар. Әрқайсысымен санасып, әрекет етемін. Көбіне төртеуімен ортақ бір мәмлеге келу қиын”, – деп жазды әртіс. 



Сонымен қатар, әр баласының әртүрлі қызығушылығы барын баяндап берді. 

“Мәселен Нарұл қазір ат спортына қатты қызығып жүр. Жаттығуға күн сайын елден бұрын барып алады. Қайтқысы келмей, аттарды баптап, ер-тоқымын сүртіп жүріп алады. Күзден бері біраз нәтижеге жетті. Бастысы өзі мәз.Алау болса өз әлемінде, Ханды дегеніне көндіріп жүр",– деді актриса. 

Еске салайық, актриса қайын інісі Заңғар Нұртастың туған күніне жазба арнағанын жазған едік. 

Талқылау