Маман тіл арқылы ауруды анықтау жолдарын атады
Терапевт Ольга Рублева тілдегі қабыршақтың әртүрлі түсте және әр жерде болатынын айтады. Сондықтан тіл арқылы ауру түрін ажыратуға болады дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Маманның сөзінше, тілдегі қабыршақтың пайда болуына ас қорыту жүйесіндегі дерт – гастрит, гастродуоденит, асқазандағы жара себеп болады. Бұл кезде тілдегі қабыршақ ақ немесе сұрғылт реңге боялады және ұйқыда тұрғанда пайда болады.
Сары түсті қабыршақ гепатит пен холциститте, сұр немесе қоңыр түсті қабыршақ инфекциялық процесс кезінде туындайды. Бұл кезде температура көтеріліп, ағзадағы су деңгейі азаяды. Соңғы жағдайда қабыршақ тілдің түпкі тұсында немесе толығымен тілде пайда болады.
"Ақ түсті қабыршақ кандидоз – саңырауқұлақ инфекциясында туындайды. Тек тілде емес, ауыз қуысына тарайды. Ақ қабыршақ кезінде ауыздан жағымсыз иіс шықса, бұл тіс каризоындағы бактериалық инфекциядан болуы мүмкін", – деп қосты дәрігер.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр