Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман смартфонның ыстық күні жанып кетуі мүмкін екенін ескертті

Литий-ионды және литий-полимерлі батареясы бар смартфон ыстық температура салдарынан қалтада қызып кетуі мүмкін екен. Бұл туралы SafeNet Ұлттық технологиялық институты аймақтық инжиниринг орталығының директоры Денис Кувиков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Смартфон

"Кей аккумулятор түрлері ыстық температура әсерінен қалтада қызып, жанып та кетуі мүмкін. Егер құрылғы көп қолданылатын литий-ионды және литий-полимерлі батареядан қуат алса, температураның көтерілуі сынды мәселеге тап болуыңыз мүмкін. Бұл батареяның өздігінен жануына әкем соғуы да ғажап емес", – деді сарапшы.

Сонымен қатар Кувиков экран жарығының деңгейін бақылап, ішкі баптауларды да дұрыстау керегін айтады: Bluetooth бен GPS-ті өшіріп, бағдарламаларды жаңартпаған жөн. Сонымен қатар Wi-Fi модульін де өшірген абзал, өйткені құрылғы қосылуға болатын желі іздейді. Бұл да телефонның қызуына әкеп соғуы мүмкін. 

"Құрылғыны ыстық күні қорғау үшін күн сәулесі тура түспейтін жерде ұстау керек. Сонымен қатар ауа ағымына бөгет жасайтын тығыз қапты алып тастаңыз. Бір уақытта жұмыс істейтін бағдарламаларды азайтыңыз", – дейді Кувиков. 

Маман арзан қуаттағышты пайдаланбауға кеңес береді, себебі бұл телефонның қызуына әсер етеді. Сонымен қатар гаджетті жылдам суытпаған жөн. Мұндай әрекеттен кейін құрылғы бұзылып қалуы мүмкін. Телефонды салқын жерде ұстап, қапты шешіп тастаңыз. Интернет пен артық бағдарламаларды өшіру де артықтық етпейді.

Талқылау