Жазира Байырбекова төркіннің жағдайын жасау үшін күйеуден қалай сұрану керектігін айтты
Әнші төркініне бар жақсыны бергісі келіп тұратын әдеті барын жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол оқырмандарына “төркінің қамын жасар алдында күйеуінің рұқсаты керек пе, жоқ па?” деген сауал қойды.
“Төркініңізге бір дүние алып беретін кезде күйеуіңізден тек жазу арқылы сұрайтындарыңыз бар ма? Ауызша айтқаным ешқашан өткен жоқ. Ойлап қарасам, жазба арқылы сұрағандарым қабылданыпты. Жасы үлкен апайлар, айтыңыздаршы, неше жастан бастап сұрамай жасай беруге болады?”, – деп жазды Жазира.
Өнер иесі өз сөзінде жаман келін екенін да айтып қалды.
“Төркініне бергісі келіп тұратын жаман келінмін. Ал төркініне таси бергісі кеп тұратын жақсы қызбын”, – делінген жазбада.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ