Маман қант деңгейін қалыпқа келтіретін өнімдерді атады
Америкалық диетолог Мэри Сабат қант деңгейіне оң әсер ететін өнімдерді атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

She Finds басылымына берген сұхбатында диетолог қант деңгейін қалыпқа келтіру үшін құрамында жасұнық көп өнімдерді жеу керегін айтты. Мұндай өнімге сұлы қауызы жатады екен, ол көмірсудың қорытылуын тежеуге көмектеседі. Сұлы қауызымен ақуыз бен пайдалы майларды қосып тұтынуға болады.
Сонымен қатар қырыққабат, асжапырақ, жапырақты көкөністерде қант деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі екен. Сондай-ақ жаңғақ пен пісте де қанттың сіңірілуін баяулатады.
Бұдан бөлек маман ас қорытуға пайдалы өнім ретінде грек йогуртын да атады. Оның құрамында ақуыз, май мен пробиотиктер көп.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған