Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ауырсынуды басатын дәрілерді жиі қабылдаудың зиянын айтты

Дәрігер Анна Терехова стероидты емес қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын препараттардың денсаулыққа қаупін атады. Айтуынша, мұндай дәрілерді жиі қабылдау бүйрек жеткіліксіздігіне, асқазан мен бүрек ауруларының қабынуына әкеліп соғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото freepik

Маман қатты ауырған кезде әрине, төзіп жата беруге кеңес бермейді. Себебі қатты ауру адамның күш жігерін алып, мазасыздықты күшейтеді. Дегенмен ауырсынуды басатын препараттарды да жиі қабылдауға кеңес бермейді. Себебі ол тәуелділіктің пайда болып, ауырсынудың асқынуына әкеліп соғады.

Сонымен қатар маман мұның асқазан-ішек жолдарының, бүйректің және жүректің жұмысына теріс әсер ететінін түсіндірді. Сондай-ақ кейбір ауырсынуды басатын дәрілер қанның қоюлануына әсер етеді. 



“Мұндай препараттарды жиі пайдалану гастрит, эрозия немесе асқазан жарасының дамуын тудыруы мүмкін. Ал оларды бақылаусыз қолдану қан қысымы, бауыр мен бүйрек функциясының төмендетеді. Егер сіз айына сегіз реттен көп ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдасаңыз, бұл оған тәуелділіктің жоғары қаупін көрсетеді. Егер мұндай дәрілерді көп қабылдап, ауырсынуды жиі сезсеңіз, оның себебін анықтап, ем қабылдау үшін маманға жүгіну керек”, – деді Анна Терехова.

Талқылау