"Мамалатып жіберемін": Ninety One көшпенді қазақ стилінде бейнебаян түсіріп, елді таңғалдырды (видео)
Ninety One тобы жаңа бейнебаянын ұсынды. Бұл жолы бейнебаян стилі мүлде өзгеше. Мұны тыңдаушылары жоғары бағалап жатыр.
Топты тек заманауи стильде көріп, көзі үйренген жанкүйерлері таңғалысып жатыр. "Мен емес" атты әнге түсірілген бейнебаяннан қазақы салт-дәстүрге тән элементтерді кездестіруге болады. Бүркіт, қазақ үй, Күлтегін ескерткіші, тазы иті, ежелгі түркі жазулары, қазақтың ақын-жазушыларының суреті - топтың жаңаша берген көрінісі.
Алайда топ әншілері сырт келбетін өзгерткен жоқ. Киім мен шаш үлгісі бұрынғы қалыпта.
Жастар бұл өзгерісті жақсы қабылдап жатқан сыңайлы. Көпшілігі мұны қазіргі заман мен ежелгі қазақ салтының үндесуі деп жатты. Бейнебаянды сынап, сөзінің еш мәні жоқ екенін, сөзі мен көрінісінде үйлесім жоқ екенін айтқан қолданушылар да бар.
Бейнебаян бір тәулікке жетпес уақыт ішінде 230 мыңнан астам рет қаралып, 47 мың лайк жинаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған