Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мама, ешкімге айтпашы деген соң үндемей келдім": Алматыда өзіне қол жұмсаған курсанттың өлімі жайлы анасы айтты

Алматыдағы ішкі істер министрлігінің академиясында 3-курс курсанты асылып қалған. Қайғылы жағдай туралы марқұмның туыстары тек жетісін өткізгеннен кейін ғана айтуға бел буыпты. Олардың айтуынша Саламат Өтегеновті өзіне қол салуға әлдекімдер мәжбүрлеген көрінеді. Марқұм өлер алдында туыстарынан қомақты қаржы сұрапты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясындағы қайғылы жағдай 13 желтоқсан күні болған. Академия қызметкерлері Саламат Өтегеновтің денесін асылып тұрған жерінен шешіп алыпты. Оқиға орына келген жедел жәрдем қызметкерлері курсанттың өмірін сақтап қала алмаған. 

Сол күші кешкісін академиядан хабарласып, ата-анасына баласының буынып өлгенін жеткізіпті. Араға екі күн салып екі офицер курсанттың денесін туған жеріне алып барған. Саламатты жерлегеннен кейін туыстары бар шындықты жайып салды. Айтуларынша оқуға түскен күннен бастап ақша жинаумен келгенін айтады. Бірақ анасы баласының өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Өлер алдында қомақты қаржы сұраған екен.

«Өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Себебі балам сондай адал бала болатын. Сондықтан мама ешкімге айтпашы, тек шыдашы дегенді айтқан болатын. Барлығына да өзім шыдаймын деп оқудан да шыққан жоқ. Шыдаймын деген соң бұл ашылса мен жоқпын деген сөзі үшін өзімді өзім ұстап келген болатынмын», - деді марқұмның анасы Бекзат Иманғалиев. 



Анасының айтуынша академияда оқыған баласына бастан аяқ полиция формасын өз ақшасына сатып алып беріпті. Ол аздай тұрмыстық техникаға да ақша жинап берген. Қысы жазғы сессиясы да ақшамен жабылады екен. Туыстарын тіпті онлайн оқығанда да сессияны ақшамен жапқанына таңқалған. Сәуір айында онлай оқуға жіберіп, шілдеде қайта шақыртып алыпты.

«Балалар полигонда болады екен десек ол балалар полигонда емес сол казарманың ішінде өздері жататын барлық шаруашылық жұмыстарын жасаған. Өсіп кеткен арашөптерді жұлған.Соның ішіндегі ремонттарды жасаған. Одан кейін августың аяғында келіп, қайтадан оқуға кетті», - деді марқұмның анасы. 

Ал қайғылы жағдай орын алған академия басшылығынан жауап ала алмадық. Баспасөз қызметі ішкі істер министірлігі ғана ресми жауап беретінін жеткізді. Бірақ ведомства басшылығы да сұхбат беруден бас тартып, хабарлама жіберді. Онда оқу орны басшысынан бастап, бірқатар лауазымды тұлғалардың жауапқа тартылып, қызметінен босатылғанын жеткізді.

Тексеру қорытындысы бойынша ІІМ-де тәртіптік комиссия өтті.
Өзіне сеніп тапсырылған бөлімшеде жұмысты ұйымдастыруға тиісті бақылау жүргізбегендіктен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Академия бастығы О. Х. Смайылов атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, оның идеологиялық тәрбие және кадр жұмысына жетекшілік ететін орынбасарын да қызметінен босату ұсынылды. Сонымен қатар, Академияның тағы 16 жауапты қызметкері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-уі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды.

Қазір курсант өліміне қатысты полиция департаменті "Өз-өзіне қол салуға мәжбүрлеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алыпты. Тергеу барысында марқұмның туыстары баяндаған барлық мән-жайлар жіті тексерілмек.

Министр тапсырмасы бойынша академияда кешенді тексеру басталыпты. Сонымен қатар министрлікке қатысты өзге оқу орындарына тексеру басталған.

Талқылау