"Ақша жібермесеңіздер, қолсыз қаламын": Алматыдағы ІІМ академиясында курсант өз-өзіне қол жұмсады

Ішкі істер министрлігінің академиясында үшінші курста оқитын 19 жастағы курсант өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Уральская неделя" газетінің жазуынша, өлімінен аз уақыт бұрын ол ата-анасына көлемді ақша аудару туралы хабарламалар жіберген.

Саламат Өтегеновтің денесі 13 желтоқсанда асхананың қосалқы бөлмелерінің бірінен табылды. Келген жедел жәрдем бригадасы жігітті құтқара алмады. Сол күні ата-анасына қайғылы хабар айтылды. 16 желтоқсанда курсант Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Шабдаржап ауылында жерленді.

Жігіттің анасы оқу орнындағы бопсалау туралы айтты. Бекзат Иманғалиеваның айтуынша, бірінші сессиядан өту үшін ұлы 80 мың теңге сұраған.

"Сессияны "ақысыз" өткізу мүмкін емес еді", - деді ол.

Жігіт екінші курста оқып жүргенде, ата-анасы оның жылдам қарыз жүйесі бойынша несие ресімдегенін білген. Олар қарызды өтеген, бірақ баласының неге берешек алғаны туралы ойлана бастады. Содан кейін жігіт жауап ретінде ата-анасын тағы да мазалағысы келмейтінін және олардан ақша сұрағысы келмейтінін айтқан, сондықтан қарызды төлеймін деп үміттеніп, микрокредиттік ұйымнан ақша алған.

Ата-анасы Саламат көз жұмғанға дейін соңғы уақытта әдеттегіден гөрі көп ақша сұрай бастағанын айтты. Ата-анасы 3,5 ай ішінде оған 630 мың теңге аударған.

Соңғы күні курсант ағасына ақша аударуды сұрап хабарламалар жазған.

"Егер қазір маған ақша аудармасаңдар, онда мен қолсыз қалуым мүмкін. Немесе аяғымнан айырыламын", - деп жазған курсант.

Өмірінің соңғы күні, күндізгі сағат 11-ден бастап ол үлкен ағасына кешкі 5-ке дейін 300 мың теңге аудару туралы хабарлама жіберген. Жігіттің отбасы тұратын ауылда тұрақты интернет жоқ, тек кешке қосылады, сондықтан оның ағасы курсанттың хабарламаларын кешке қарай ғана көрген. Саламаттан соңғы хабар сағат 16: 31-де келген: "Мен кеттім".

ІМ Академиясының ақпараты бойынша, курсанттың қайтыс болу фактісі бойынша Алматы қаласы бойынша полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

Егер полиция курсанттың өліміне кінәліні тапса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу қаупі төнуі мүмкін.

"Қызметтік тергеу барысында Академия қызметкерлері мен курсанттары тарапынан заңсыз іс-әрекеттер фактілері анықталмады", - деп хабарлады оқу орны.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр