Малайзия премьер-министрі Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия премьер-министрі Анвар Ибрагимді шығарып салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Малайзия премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Енді оның сапары аяқталып, Тоқаев оны Астанадағы әуежайда шығарып салды.

Фото: Ақорда
Анвар Ибрахим президентке жылы лебізі үшін алғыс айтып, туған күнімен құттықтады. Жеке мерекесіне орай Тоқаевқа “Туған күніңізбен, президент мырза” деген жазуы бар торт сыйлаған.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні екені айтылды. Ол туған күнін атап өтуден бас тартқан еді.
Анасын мәжілісте құттықтаған Назаров, жалған ақпарат берген министр Жұманғарин: 2025 жылы басы дауға қалған шенеуніктер
Stan.kz тілшісі орынсыз әрекеттерімен және ерекше мәлімдемелерімен көптің шамына тиген шенеуніктердің тізімін жасады.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды
Дауыс жинаған жандардың қатарында: Мейірман Шекеев, Гүлмира Мұханқызы, Турсен Алагөзов, Темірлан Анарбеков, Ұлдана Мырзуан болды