Мақтааралда су басқан аймақтардан 6,2 млн текше метрден астам су сорылды
Мақтааралда су сору жұмыстары арқылы бір тәулік ішінде су басқан аймақ 1100 га азайып, 3100 га құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1030 үйден су сорып шығарылды.
56 аула және бау-бақша учаскесі су астында қалып отыр. Төтенше жағдай салдарын жою жұмысы тәулік бойы жүріп жатыр. Оған ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күш-құралдарын қосқанда, барлығы 1475 адам, 219 техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмылдырылған.
Қазіргі таңда 6,2 млн текше метрден астам су сорылды. Ұзындығы 22 шақырым болатын уақытша бөгет салынды. 87 мыңнан астам құм қабы төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы