Мақтаарал ауданында су деңгейі төмендеуде - Түркістан облысының ТЖД
Мақтаарал ауданында су деңгейінің төмендеуі байқалады. Бұл туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Нұрғали Жүнісов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайды жою үшін апаттық-құтқару жұмыстарына 1626 адам, 324 дана техника, 17 суға арналған машина және 217 су сорғыш техникасы жұмылдырылған.
Сонымен қатар, су басқан Нұрлыжол, Фердоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінен 6,2 миллион текше метрден астам су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 км болатын уақытша бөгеттер тұрғызылып, 87 мыңнан астам қап төселіп, су төгетін 3 коллектор орнатылды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Нәтижесінде Өргебас ауылындағы автокөлік құралдарының қозғалысына арналған ішкі жолдар ашылды. Фердоуси ауылында тәулігіне 10-нан астам ішкі аумақтардан суды сорып алды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан