Мақпал Жүнісова өзінен кейін туған сіңлісін көрсетті
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінен кейін туған сіңлісін көрсетті. Әнші сіңлісін 50 жасқа толған туған күнімен құттықтап, тілегін білдірді.
"6 маусым туған сіңілім Анаржан 50-ге толады, Аллаға шүкір! Сіңілім, отбасыңнан бақ кетпесін, шаңырақ шайқалмасын, қыздарыңның тек қуанышын көріңдер, тіл-көзден аман болыңдар!", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Сіңлісі Анар Жүнісова алғысын айтып, зор ықыласын көрсетті.
"Әумин Мәке, Сізге. Мың алғыс, айтқаныңыз келсін", – деп жауап берді.
- Бір әулеттің 7 келіні: Жазира Байырбекова абысындарын көрсетті
- Әнші Бүркіт өзінен аумай алған туған ағасын көрсетіп елді таңғалдырды
"Сіңіліңіз сұлу екенін білетін едім, күйеуі екен ғой қыздай ғып баптаған", – деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.
"Құтты болсын, сіңлісің өзіңізден аумайды екен", "Туған күні құтты болсын, жүз жасасын", "Сіз бір отбасында қанша қызсыздар?", "Туған апалы-сіңлілсіздер ме?", "Сіз де жассыз", – деп жазды желідегі оқырмандары.
Айта кетейік, Анар Жүнісова СЮЦАЙ ғылымының шебері, цифролог.
Бұған дейін әнші бір анадан туған әпке-сіңлілері мен келіндерін көрсеткен еді. Қалың көпшілік әншінің әпке-сіңлілері бір-бірінен аумайтынын айтып таңғалысты.