Мақпал Жүнісова продюсерлікпен айналыспақшы
Халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсерлікпен айналысуды ойлап жүр. Ол жаңа іске қадам баспас бұрын тыңдармандарының пікірін сұрады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Қайырлы таң. Продюсерлік қызметке барсам қалай болады?” – деп сұрады ол тыңдармандарынан.
Өз кезегінде желі оқырмандары Халық әртісіне қолдау білдіріп, оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ екенін айтып жатты.

“Керемет, кәсіби әншілер шығар еді. Продюсерлер сіздей болу керек. Сәттілік”, “Сіздің қолыңыздан келеді, сөзсіз”, “Сіз талапты жақсы қоясыз, біз сізге сенеміз”, “Шын таланттан бәрі шығады, мақсатыңыз болса сәттілік, халық сізді қолдайды”, “Мықты, керемет, тамаша болады, сегіз қырлы бір сырлы азамат орнында жүрген анаға бәрі жарасады”, – деп пікір білдірді желідегілер.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған