Мақпал Исабекова сүйіктісімен заңды некесін қиды (видео)
Рамазан айында отау құрып, мұсылманша некесін қидырған Мақпал Исабекова мен оның сүйіктісі заңды түрде ерлі-зайыпты атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Күні кеше Мақпал мен оның жолдасы жақын адамдарының басын қосып, кішігірім той жасады.
Тойда жүргенін алғашқылардың бірі болып әнші Луина қуана хабарлады. Естеріңізде болса, бұған дейін Мақпал құрбысы Луинаға сүйіктісін кездестіргені үшін алғыс айтқан болатын.
Сондай-ақ әнші Индира Еділбаева да заңды некелесу рәсімінен сурет жариялап, Исабекованы құттықтады.
Мақпал Исабекова жұбайының жүзін жариялауға қарсылық білдірген ұқсайды. Тойдағы кадрлардың барлығында дерлік жігіттің жүзі жасырылған.
Айтпақшы, жігіттің есімі – Радион екені белгілі болды. Мақпал жұбымен Шымкент қаласына жұмыспен барған кезде танысқан.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"