AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мені сырттай ұнатып жүрген": Мақпал Исабекова сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді

Мақпал Исабекова ақ келін атанып, тұрмыс құрды. Әнші осы ретте оқырмандарын сүйіктісімен қалай танысқанын айтты. Айтуынша, іс-сапармен жүрген әнші болашақ жарын кездейсоқ кездестірген.

Бұл туралы Исабекова Instagram желісінде айтты.

Әншінің айтуынша, болашақ жарымен Шымкент қаласында танысқан. Өзіне көңілін білдірген жұмбақ жігіт көп ұзама әншінің жолдасы атанды. 

"Мен іс-сапармен Шымкент қаласына бардым. Жолдасым да Шымкенттегі қонақ үйге орналасты. Ол мені сыртымнан көрген. Бөлмеме гүл жіберіп жүрді. Мен оның кім екенін білмей есім шықты. Тіпті концертте жүрсем де, қонақ үйдегі белгісіз азаматты ойлап жүрдім. Тағдырдың жазуы шығар, мен тағы бір күнге қонақ үйде қалдым. Солай біз таныстық. Мені бір күнге қалуымды өтінген Жан Мұқановқа алғысым шексіз", - деді әнші. 

Айтуынша, әнші сол сәтте жаңа танысқан азаматтың хат-хабарын күтіп, ерекше күйген түскен. 

"Мен тек хабар күтіп телефоныма қарай бердім. Әлішер Кәрімовтың хабарын көрмегем. Маржан Арапбаева, Салтанат Бақаева, Әлішер Кәрімов, тағы басқалар бар. Түсірілім алаңында жүрген қыз-жігіттердің не деп айтқанын тыңдамамағанмын. Есіл-дертім бейтаныс жігітте. Әйтеуір дегенде одан хат келді. "Сізді шығарып салсам қалай болады?" деп жазыпты. Мен ертесі ұшатынымды айттым. "Онда кешкісін шай ішейік" деді. Мен келістім. Бәрі солай басталды", - деді әнші.

Исабекова сүйіктісін кездестіргенін айтып, көпшілікке сырын ақтарған еді. Сүйіктісі сезімін білдіріп, әнші қалыңдық атанды. Жақында мұсылманша некелесіп, шаңырақ көтерді.

Айта кетейік, Исабековаға сүйіктісі ұсыныс білдіріп, әнші қалыңдық атанды. Мақпал өзінің шексіз бақытты екенін айтып, ол үшін Луинаға алғысын білдірді


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр