Мақпал Исабекова күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты
Мінезінің ауыр екенін айтқан әнші Мақпал Исабекова күйеуімен арадағы жанжал туралы да жасырып қалмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/makosyai
“Адам өмір бақи бәріне кешіріммен, түсіністікпен қарап жүре алмайды. Біз адамбыз және ол қалыпты жағдай. Мен ашуланғанда айналамды жайпап тастаймын. Адамды енді қайтып көрместей болып кетемін”, – дейді әнші әлеуметтік желіде ойымен бөлісіп.
Мақпал Исабекова оқырманның: “Сіз қатты ашуланғанда жан-жағымды қиратамын” дейсіз, күйеуіңіз бұл мінезіңізге қалай қарайды?” деген сауалына: “Жанжалдың көкесі болады. Екеуіміз ұрысқан сайын ажырасқым келеді. “Мен сенімен ажырасамын. Болмаса сен барып ажырасуға арыз жаз. Әйтпесе жұрт мені таниды, ұят болады” деймін. Ол да айналасын қиратып, ашуланғысы-ақ келеді. Бірақ олай жасамайды. Себебі, сондай әрекетке барса, біз расымен ажырасып кетеміз”, – дейді Мақпал Исабекова.
Бұған дейін әнші ұлы жайлы айтып, көпшілікке таныстырған болатын.