"Алты ұлттың қаны бар". Мақпал Исабекова ұлына қатысты сұрақтарға жауап берді
Жақында тұңғышын көпшілікке таныстырған әнші Мақпал Исабекова оқырмандардың ұлына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/makosyai
Отбасылық өмірі туралы көп айта бермейтін Мақпалдың күйеуі де, оның ұлты да көпшілікке қызық. Өнер иесі сондай бірқатар сұрақтарға жауап берді.
“Неге ұлыңыздың есімін Теодор деп қойдыңыз?” деген сауалға әнші: “Тегімен, әкесінің атымен үйлессін деп ұлымыздың есімін күйеуім таңдады. “Теодор” грек тілінен “Құдайдың сыйы” деп аударылады. Күйеуімнің есімі де грек тілінен алынған”, – деп жауап қайырды.
Өнер иесі ұлының ұлтын нақты айтпады және оқырмандардан мұндай сұрақтар қоймауын өтінді.
“Ұлымда алты ұлттың қаны бар. Ол – әлемнің азаматы. Мұндай сұрақтар қоймаңыздаршы. Маған ұнамайды”, – дейді Мақпал.

"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"