Макгрегор қыз зорлады деген күдікке ілінді
UFC палуаны америкалық қызды зорлады деп күдікке ілінді. Бірақ өзі мұндай айыпты жоққа шығарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TMZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыздың адвокаты спортшыға, НБА-ға және "Майами хитке" ресми хаттар жолдады. Айтуынша, баскетбол ойындарынан кейін Макгрегор оны ерлер дәретханасында зорлаған.
Күзетші Макгрегорға көмектескен болуы мүмкін. Өйткені ол қызды досынан айырып, аралас жекпе-жек жұлдызына жәбірленушіні дәретханаға апаруға мүмкіндік берді делінген. Күзетші қыздың сыртқа шығуына жол бермей, жолын бөгепті.
Құқық қорғаушының айтуынша, қыз кәсіби боксшыны бірнеше рет шынтақпен ұрып, қашып үлгерген. Енді жәбірленуші НБА және Макгрегормен сотқа дейінгі келісімге қол жеткізуге тырысуда.
Бокс жұлдызының командасы бұл айыптардың жалған екенін атап өтті.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып

