Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық азамат Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

Майкл Дэниел Авиациялық әкімшілік

2026 жылы 4 мамырда Майкл Дэниел "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейстерін ашу. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Майкл Дэниелдің авиация саласы бойынша профильдік білімі бар. АҚШ-тағы Эмбри-Риддл аэроғарыш университетін "Аэронавтика" мамандығы бойынша тәмамдаған және азаматтық авиация саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Ол кәсіби қызметін АҚШ-тың Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасында бастаған. Бұл мекемеде ұшу пайдалану инспекторы, әуе кемелерін сертификаттау жөніндегі маман, ұшу қауіпсіздігі қызметінің басшысы, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар мен саясат жөніндегі аға менеджер сияқты бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған.

Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасының Франкфурт, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларындағы халықаралық кеңселерінде жұмыс істеген. 2006-2009 жылдары Сингапур мен Бейжіңдегі Азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасы халықаралық кеңселерін басқарған, онда шетелдік жөндеу ұйымдарына қадағалау жүргізіп, халықаралық қауіпсіздік бағалауларын жүзеге асырған.

Кей жылдары халықаралық бастамаларды, оның ішінде APEC-тің көлік қауіпсіздігі және әуе қатынасы жөніндегі жұмыс тобын басқарған, халықаралық қадағалау және қауіпсіздікті бағалау мәселелеріне жетекшілік еткен, сондай-ақ бірқатар басшылық лауазымдарды атқарып, бірнеше жыл бойы Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен жұмыс істеген.

Азаматтық авиациядағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе компанияларын сертификаттау және мемлекеттік қадағалау жүйелерін дамыту саласында ауқымды халықаралық тәжірибеге ие.

Жаңа басшының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстерін ашу.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 04 Мамыр, 2026 12:32