Махмұд Сабырханның туған інісі үш дүркін Еуропа чемпионын ұтты
Бокстан жастар арасындағы Қазақстан құрамасының капитаны Төрехан Сабырхан халықаралық турнирде үш дүркін Еуропа чемпионын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған жарыс аясында өтті. Жартылай финалда отандасымыз ресейлік былғары қолғап шеберін төрешілердің екіұдай шешімімен ұтты. Ал финалдағы қарсыласы Диас Серікұлы Төреханға қарсы жұдырықтасудан бас тартты. Осылайша, Төрехан Сабырхан турнирдің жеңімпазы ғана емес, ең үздік боксшысы атанды.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында төртінші рет топ жарып, сарықұрлық ең үздік боксшысы атанған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

