“Махаббат уақытынан ерте босанды”: Тәуекел екінші ұлының қалай дүниеге келгенін айтты
8-қараша күні Тәуекел Мүсілім тағы да әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Актер жігіт алғаш болып қуанышымен бөлісіп, тілшімізге экслюзив пікір берді.
“Келіншегім өз уақытынан сәл ерте босанып қойды. Үлкен ұлымды көп көтеріп, содан күш түссе керек. Бірақ, Аллаға шүкір анасының да, балапанның да жағдайы жақсы” деп қуанышын жасыра алмады.
Тәуекел бұл жолы жарының жанында болмаған.
“Үлкен ұлымыз кішкене ауырып қалды. Мен ұлымның жанында болдым. Сондықтан, перзентханаға бармадым. Бірақ, іштей уайымдап, дұға тілеп жүрдім” дейді.
Іңгәлаған сәбидің салмағы 2 келі 700грам, ал бойы 50 см. Ерлі –зайыптылар есімді де таңдап үлгермеген. “Ұлымызға Мұхамед немесе Хантөре деген екі есімнің бірін қоямыз.
Таңдау құқығы бұл жолы нағашыларында. Ата-енеме хабарласып, екі есімнің бірін таңдауды ұсындық. Әлі нақты шешімдерін айтпады” дейді екі дүркін әке атанған актер.
Еске сала кетейік, тұңғышының есімін Тәуекелдің анасы Айтөре деп қойған еді.