Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның кандидатурасын мәжіліс ұсынды. Бұған дейін энергетика министрі қызметін Нұрлан Ноғаев атқарған болатын. 

"Бүгін мәжілістің экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің отырысында Мағзұм Мырзағалиевтің кандидатурасы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындау үшін келісілді", - делінген хабарламада.

Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған. Оған дейін Мағзұм Мырзағалиев 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі қызметін атқарған.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.

  • 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар саласындағы дипломатиялық академиясында оқыды. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде "мұнай-газ кен орындарын игеру" мамандығы бойынша білім алған.
  • Еңбек өтілін Теңіз кен орындарында және Батыс Сібірде бұрғылау ерітінділері жөніндегі инженер болып бастады, АҚШ пен Малайзияда тағылымдамадан өтті.
  • 2004-2007 жылдары MI Drilling Fluids International Ақтау филиалының өндіріс жөніндегі менеджері - басшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылға дейін " ТеңізСервис "ЖШС Бас директоры болып қызмет етті. 
  • 2010-2012 жылдары - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, кейіннен "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2013 жылдың қазан айынан бастап мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамыз айынан бастап Энергетика вице-министрі болды. "Құрмет" орденімен және екі медальмен марапатталған.

Айта кетсек, бұрынғы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 7 тамыз күні Маңғыстау облысы әкімі болып тағайындалған. 

Талқылау