Магистратураға түскен грант иегерлерінің тізімі шықты
2021-2022 оқу жылында магистратураға түскен білім грантының иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік гранттар мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, сонымен қоса Қазақстанның студенттер альянсы мен "Отандастар" қорының өкілдері кіретін республикалық комиссияның қорытынды отырысының шешімі бойынша тағайындалды.
"Магистратураға білім гранты конкурстық негізде кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша берілді. Өткен жылмен салыстырғанда өтініш берушілер саны екі мыңға көбейіп ал тестілеуге 36 мың адам қатысты" , – деп хабарлады департамент өкілдері.
Барлық грант иегерлері құжаттарды жоғары оқу орындарына виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы 28 тамызға дейін тапсыруы керек.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан