Магистратура бойынша білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды
2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл магистратураға түсу конкурсында грант жеңіп алған үміткерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Магистратураға мемлекеттік білім гранттарын тағайындайтын Республикалық комиссия отырысы аяқталды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері енген.
Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға 13 мың грант бөлінді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған