Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған тұрмысқа шықшы": Жәния Джуринскаяға сүйіктісі ұсыныс жасады (видео)

Әнші, актриса Жәния Джуринсая тұрмысқа шықпақ. Сүйіктісі Хизметов Данияр сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Бұл сәттің видеосы желіде жария болды. 

Бірлесе вайн түсірудің шебері Данияр мен Жәния қыз-жігіт болып қол ұстасты. Сүйіктісі Жәнияға ерекше тосынсый жасап қуантты. Ол Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде сүйіктісіне сезімін білдіріп, тізерлеп отырып сөз салды. 

"Теңіздің Еуропа мен Азия түйіскен жерінде мен "иә" дедім. Мен сені ұзақ күттім. Менің сиқыршым. Сені сүйем", - деп жазды сезімін жасыра алмаған Джуринская парақшасында. 

Теңіздің ортасында сөз салған сері көпшілікті қайран қалдырды. Желідегі оқырмандары ерекше сөз салу екенін айтып жатыр. Желідегі және өнердегі достары екі жасты құттықтап, баянды бақыт тіледі.

"Ооо, құттықтаймын", - деп жазды Асылхан Төлепов. 

"Жанеееем, құттықтаймын. Бақытты болыңдар. Жарайсыңдар", - деп жазды актер Нұрлан Батыров.

"Құттықтаймын, жаным", - деп жазды Айдай Исаева.

"Болды, Жания енді біреудің қатыны. Сендерді жақсы көрем. Данияр, оны сүйе біл, ренжітпе", - деді вайнер Мейіржан.

"Бақытты болыңыздар! Шын жүректен қуаныштымын", "Тәтті қыз, бақытты бол, уайымдап жүр едік, қуанып қалдық", - деп жазды желідегілер. 

Талқылау