Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған тұрмысқа шығасыз ба?": Нұрболхан Шарапов журналист Ләйлә Сұлтанқызымен әзілдесті

Танымал актер, әзілкеш, жайдарманшы, Нұрболхан Шарапов тележурналист Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жайдарманның концертінде әзілкеш 4 жылға созылған журналист екеуінің арасындағы жанжалға нүкте қойды. 

“Ләйлә Сұлтанқызы! Кешірші мені. Түсінем, 4 жыл бұрын менің балалығым да, шалалығым да болды. Сенің де қателігің болған шығар?! Сол жерде бәрі быт-шыт болып кетті. Дүйім жұрттың көзінше сізден кешірім сұраймын”, – деп журналисті сахнаға шақырды. 

Әзілкеш қолындағы гүлін ұсынып тұрып: “Маған тұрмысқа шығасыз ба?!” деп жұртты ду күлдірді. 

Еске салайық, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы мен КТА ойыншысы Нұрболхан Шарапов арасындағы жанжал 4 жылға созылған болатын. Сұлтанқызы жүргізетін отандық бағдарламада көтерілген тақырыптардың бірі жайдарманшының шамына тиіп, ол бағдарламаны қатаң сынға алған болатын. Алайда бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболханның бұл сынын орынсыз санап, оны жеке басыма тіл тигізді деп айыптап, сотқа берген. 

 

Талқылау