"Маған мұндай сұрақ қоймаңыздар": Депутат Дәулет Тұрлыханов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты сұраққа жауап беруден қашты
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс алаңында Тұрлыханов журналистердің сауалынан қашты. Оған жігіттердің қызды ұрып-соғуына ата-анасының мінез-құлқы себеп бола ма деген сұрақ қойылды.
"Сіздерге не керек? Не естігіңіз келіп тұр? Қандай пікірде деп ойлайсыздар? Сіздер бұған қалай қарайсыздар? Маған енді мұндай сұрақтармен қайта келмеңіздер. Бұл –ойға сыймайтын сұрақ. Осындай сұрақтарды балаларға қойыңыздар", – деді Дәулет Тұрлыханов.
Ол депутаттар бұл мәселені талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салғанын айтты.
Еске сала кетейік, Дәулет Тұрлыхановтың кіші ұлы Нұрасыл Болат көшеде төбелесіп, ерлі-зайыптыны соққыға жыққан еді. Осы әрекеті үшін жазаға тартылып, 1,7 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Тұрлыхановтың ортаншы ұлы көшеде қызды ұрды деп айыпталды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі