Маған қарапайым дизайн ұнайды: Бағым Мақсатқызы үйін көрсетті (фото)

Продюсер Бағым Мақсатқызы көрерменге жаңа үйін көрсетті. Төрт бөлмелі үйдің дизайны қарапайым. Себебі бұл Бағым ханымның таңдауы. Қандай нәрсе болмасын қарапайымдылықты таңдайды. Жаңа шаңырағының үлгісін барынша өз қалауымен жасағанын айтады. 

Бұл туралы НТК Show бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бағым Мақсатқызы отбасымен адам саны аз, үй саны аз тұрғын үй кешеніне көшіп келді. Үй дизайнын маманмен ақылдаса отырып өз қалауынша жасаған. Айтарлықтай ерекшелік жоқ. Себебі бұл үй иесінің таңдауы. 

"Ас үй мен қонақ бөлмесі бірге. Жатын бөлме, ұлымның бөлмесі мен гардероб бөлмесі бар. Душ пен ванна бөлмесі екі бөлек. Ұлымның бөлмесін дизайнер менің айтқаным бойынша жасады. Ұлым жалғыз болғандықтан бәріміз соған көңіл бөлеміз", - деді Мақсатқызы. 

Продюсердің ұлы 18 жаста. Болашақта продюсер ұлы мен келінімен бірге тұруды қаламайды. 

"Ас үйдің иесі біреу ғана болу керек. Келінім не істеп жатыр. Ананы неге бұлай істеді, неге бұлай істемеді деп отыратын енелерді түсінбеймін. Ондай нәрсе маған керек емес. Әркім өзі қалағанша өмір сүрсін. Мен өзім қалағандай, келінім өзі қалауынша өмір сүрсін. Мен әлі жаспын. Бәрін өзім жасай аламын. Кейін қартайғанда көмекшім болады деп ойлаймын", - деді ол.

Тыныштықты жаны қалайтын продюсер бет күтімімен күнделікті айналысады. Косметика, тұрмыстық қажеттілік, азық-түлікті алдын ала көп қылып сатып алатынын жасырмайды. 

"Біз кеңес кезеңінің балалары болғандықтан бәрін молынан алып, қорға сақтап үйренгенбіз. Ол кезде бәрі қат болды. Бәрін молынан алып қоятын. Адамдар жоқтықтан қорықты. Менде де сондай тәрбие қалыптасқан. Бәрін мол қылып алып қоямын. Әсіресе, карантин алдында "100 келі ұн, күріш секілді қажетті азық-түлікті алып қойдым. Себебі адамға бастысы денсаулық пен тамағы тоқ болғаны маңызды. Елдің жанталасып азық-түлік алып, дәрі алғанына сонша шүйлікті. Бірақ шынында дүкенде де, дәріханаларда да сөрелер босап қалды емес пе? Керек кезде таппай қиналды. Олай алдын ала тамақ алып сақтанғанда тұрған еш жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Мен де солардың қатарынанмын", - деді Мақсатқызы. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр