Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Маған берген сынақты сіздерге бермесін": Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты сұраққа жауап берді

Былтыр отау құрған Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидашқа ең жиі қойылатын сауалдардың бірі бала жайында. Үйленгендеріне жарты жылдан енді асқан жұпқа туыс-таныстардан бөлек, инстаграм оқырмандары да маза бермейтін көрінеді. Жахан Балжан екеуінің мазасын алғандарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Соңғы уақыттары маған жиі қойылып кеткен сұрақ “Қашан әке атанасың, үйленгендеріңе біраз болды ғой?”

Біреулер шын жаны ашып айтса, ал біреулер әдейі сұрайды. Менің ең басты арманым ол – әке атану. 

Аллах Құранда айтқан қалағанына қыз, қалағанына ұл беремін, ал қалағаныңды бедеу қылып қоямын деген. Бұл да сынақ шығар, өйткені Аллах баламен де сынайды, мысалы қазір қанша бала өмірге ауыру болып келіп жатыр, инстаграмды ашып қарасаң балама көмектесіндерші деген қаншама видео көреміз, керісінше, Аллах мені қорғап жатқан шығар, не десек те маңдайыма жазғанын көреміз, үйленді болды сразу бала болу керек деген шарт жоқ, естеріңде болсын біреуге күлме, сол күн өзіңе келмесіне кім кепіл. 


Жахан Отарғалиев Балжан Бидаштың арманын орындау үшін өз қорқынышын жеңді (видео)


Аллах маған берген қандай да сынақты сіздерге бермесін. Осымен бұл теманы жабайық, жақсы ойда болайық өткені уақыты келгенде шаңнын тозаңындай нәрсеге жауап беретін кезге жақындап келе жатырмыз, қазір ең бастысы көбірек сауапты іс, жақсылық жасауға ұмтылайық", – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Жаханға қолдау білдірді.

"Аллах қаласа кішкентайлы болыңыздар. Біреуге ерте, біреуге кеш, біреулер бар сол балапандардың қадірін білмей неше түрлі айуандық жасап жатқан. Балапандар ауырмасын, балапандар жыламасын, сіздің де үйден іңгәләгән сәбилер келе берсін", "Біреудің жеке өмірімен арпалысатындар жеке өмірі жоқтар! Аллах біледі ғой қашан беретінін! Өз өмірлеріңмен арпалысыңдар! Жахан-Бидаш көпбалалы әке-ана атануды нәсіп етсін Аллахым", – деп жазды олар.

Талқылау