Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жахан Отарғалиев Балжан Бидаштың арманын орындау үшін өз қорқынышын жеңді (видео)

Жақында бал айынан оралған Жахан мен Балжан тағы да ел назарына ілікті. Отарғалиев жұбайының туған күніне естен кетпес тосынсый жасап, желі оқырмандарын сүйсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Жаханның сөзіне қарағанда, Балжан біраз уақыттан бері парашютке отыруды қалап жүрген. Балжанның 26 жасына сый жасағысы келген актер оны қайда апара жатқанын құпияда ұстаған. Тек соңғы сәтте байлаулы көзін ашып, бір құшақ гүлін ұсынып, сыйлығын жасаған.


Жахан Отарғалиев арманына жету үшін өзі салған зәулім үйді сатпақ


Осы ретте Жахан 2016 жылы басынан өткен хикаясымен бөлісті. Ыстық көлде досымен демалған актер парашютке мінемін деп оқыс жағдайға тап болған. Жерге 100 метр жақындағанда құлап қалған Жахан "тірі қалғанымызға мәз болдық" деп қалжыңдады. Соған қарамастан, жұбайының арманын орындау үшін екінші рет парашютке отырды.

"Туған күн осындай керемет тосынсыймен басталды. Қандай сюрприз екенін мүлде угадать ете алмадым. @zhahan_utargaliyev рахмет жүрегім", – деп эмоциясымен бөлісті Балжан. 

э

 

Талқылау