Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жахан Отарғалиев арманына жету үшін өзі салған зәулім үйді сатпақ

Актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш Мысыр елінде бал айын өткізіп келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Екі жас 2020 жылдың желтоқсан айында отау құрып, некесін қиған еді. Карантинге байланысты, үлкен той болған жоқ. Есесіне Жахан Отарғалиев аз уақытта зәулім үй тұрғызып үлгерді.

Қанша күш пен қаржы жұмсаса да, Жахан өзі салған үйін сатылымға шығаратын болды. Оған себеп – актердің кино түсірсем деген ең үлкен арманы. 

Ал әзірге екі жас алғаш рет отбасылық демалысқа шығып, Египетте бал айын өткізіп келді. 

"Египеттен кішігірім фотосессия. Аман-есен елге оралдық. 2-3 кг қосып келген сияқтымын, соңғы видеоны қарасаңыз түсінесіз. 

Бал айымыздың бірінші сапары керемет өтті, рахмет Жахан", – деп бөлісті Балжан әлеуметтік желідегі парақшасында. 


"Жүрегім темірден емес": Баян Алагөзова ауруханаға түсіп қалды


Өз кезегінде Жахан: 

"Демалыс бітті, енді от души пахать ету керек. @bidash_official енді менің мазамды алма, ну, хотя бы 1 жыл", – деп жазба қалдырды.
 

Талқылау